Нұрлы дүние
Бұл бетте «Нұрлы дүние» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Нұрлы дүние, шіркін дәурен,
Ойлаймын ғой сені ылғи.
Көкейімнен кетпей сәулең,
Көкірегімде толқиды күй.
Қатты сырқат үстінде де
Бір сені ойлап қиналамын.
Өңім тұрсын, түсімде де
Сені қайтіп қия аламын.
Тірліктегі тыпыршыған
Бір күніңе не жетеді!
Аулақ, ауру ыңырпсыған,
Өмір күйі тербетеді!
Нұрлы дүние – думанды елім,
Жарқылдайсың жас айбынмен.
Бір сен үшін туған едім,
Бір сен үшін жасаймын мен!
Ноябрь, 1954
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі