Ішім пысты. Жалықтым
Бұл бетте «Ішім пысты. Жалықтым» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ішім пысты. Жалықтым,
Жүре алман енді аяңдап.
Кендеп қаппын, жаңа ұқтым,
Не болса, соған аялдап.
Көңіл күй екен деп
Күнделік тұрмыс ызыңын.
Өмір сыйы екен деп
Квартбюроның тізімін
Жүргенімде, тиісті
Сыбағамнан құр қаппын.
Егде тартып, сүйінішті
Жас шағымды ұрлаттым.
Қайта оралмас жиырма бес
Қоштасқанын сезбесппін.
Жас та емес, қарт та емес
Бір уақытқа кез кеппін.
Өткен күннен белгім аз,
Беттегі әжім болмаса,
Шимайлаппын көп қағаз,-
О- дағы бір далбаса.
Өкінгеннен не пайда?
Кеш болса да, қал сілтеп.
Кім өкпелер Абайға
Қырықта қызды жаздың деп!
1940
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі