Қалмақанға
Бұл бетте «Қалмақанға» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алдым, аға, хатыңызды,
Тақсам ба екенбой тұмар ғып?
Сіздің махаббатыңызды.
Көкірегіме құйдым нәр ғып.
Көкірегіме құйдым нәр ғып,
Тапқандай-ақ жаным дауа.
Орнымнан тұрдым қарғып,
Шығып естен ауыр жара.
Тән жарасын алдым жазып,
Алдым жазып, жоқ уақасы.
Көңіл нәзік, ойлап қажып,
Қатты батты жан жарасы.
Жасыра алман қасіретімді,
Жасыра алман жұрт күлер деп.
Өзгерте алман мен бетімді,
Бояп-сылап «мені көр» деп.
Қулығы жоқ мен бір солдат,
Шинелінен сыққан қанын.
Сызып жалау, қойып ноқат
Картасына Европаның.
Отырғам жоқ кабинетте,
Қарындашпен қиратып жау...
Аға жаным, айып етпе,
Кетсе шығып сезім шашау.
1945
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі