Низами тойында
Бұл бетте «Низами тойында» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
О, Низами, ұстазамның бірісің.
Сен атқардың ұлы дүние бір ісін.
Сегіз ғасыр, ұлан асыр ғаламда
Өзге өлсе де, сен қлмедің тірісің.
Қауырсынын қалам етіп ақ қаздың,
Дүниені алдыңа алып хат жаздың.
Келер күндер керуені көрсін деп,
Күңгейінде күмбез соқтың Кавказдың.
Сен тірісің, жыр жырлайсын бұл күнде
Туған елің, Азербайжан тілінде;
О, сұлтаны ақындардың, Низами!
Сәлем саған, сәлем Самед Вургунге!
1947. Баку
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі