Сарыбайға
Бұл бетте «Сарыбайға» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сырбаз досым сен едің ғой, Сырбайым,
Сырғытайын, сырымды мен жырлайын,
Сендей серік серуен құрып бір жүрсе,
Мен өмірде қалай мәңгі тұрмаймын.
Жаным құмар жан едім бір достыққа,
Болдық серік, жүрегіміз қостық та.
Қайран достық – дүниенің тұлғасы,
Жанымызды жолыңда біз тостық та.
Серігімсің, Сырбайымсың, ақыным,
Жақсылықпен күтші достық ақырын.
Жалқы жанмын жалғандағы мен жүрген,
Болшы досым, болшы құрбым, жақыным.
1948
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі