Көптен бері өзімнен кетті ерік
Бұл бетте «Көптен бері өзімнен кетті ерік» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көптен бері өзімнен кетті ерік,
Құпия сыр бойымды жүр меңгеріп.
Бір арудың тартады магниті,
Мен бір бейне металмын жүрген еріп.
Күндіз көлбеп өтеді көлеңкедей,
Түн ләззат ала алман түсте көріп.
Ұят деген бір қырсық болды бөгет,
Жүрегіме жүрегім болмай серік.
Енді қайтем, япырмай, болдым дел-сал,
Махаббаттан кетермін қайтып жеріп?
Ол перизат баспас па құмарымды,
Ақ құшағын ұсынып қолын беріп.
Тәтті ұйқыда жатқанда, жайлап қана
Таңғы алтын шолпандай төніп келіп?!
Февраль, 1938. Алматы
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі