Орамал
Бұл бетте «Орамал» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(романс)
Айнымасқа серттескем,
Айғағым бұл орамал.
Орамалға, тілесің,
Жүрегімді орап ал.
Кіршіксіз ақ орамал,
Көз жасыммен жауғанмын.
Жаным сендік қабыл ал,
Бір сен үшін туғанмын.
Жаудың елін қорғауға,
Жарым, кетіп аласың.
Бәлкім, жарар орауға
Білегіңнің жарасын.
Бәлкім, осы орамал
Қызыл қанға боялар.
Жанға тисе, жат хабар,
Жарың шошып оянар.
Отан үшін, сен үшін
Тілеп, ұшып барармын.
Аралармын тау ішін,
Сені іздеп табармын.
Қаның жұққан орамал,
Сонда бізге оралар.
Орамалда бір сыр бар,
Кейінгіге жыр болар.
1 июль, 1940
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі