Ғашық едім, қайтейін
Бұл бетте «Ғашық едім, қайтейін» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ғашық едім, қайтейін,
Кеттің аулақ алыстап.
Айтып айтпай не дейін,
Жоқ қой енді табыспақ.
Жүрекке арман орында,
Қосыла алмай, көп жылап.
Тілегенім болмады,
Сол батады-ау жалғыз-ақ.
Қайда жүрсең аман бол,
Өміріңді тілеймін.
Сенен басқа, сертім сол,
Ешбір жанды сүймеймін.
Ашу, ыза аралас
Ренжіткен болсам сені егер.
Өкпелеме, жарамас,
Бар кінәмді кеше гөр.
Ғашық едім, қайтейін
Оны білер жан қайда?
Арманда боп өтейін,
Армансыз боп не пайда.
Жалғыз ғана тілегім
Көкірегімнен кетсін мұз.
Жылып қалсын жүрегім,
Ақтық рет бір сүйгіз.
10 апрель. 1940
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі