Қыз-қызыл гүл бақшадағы
Бұл бетте «Қыз-қызыл гүл бақшадағы» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қыз-қызыл гүл бақшадағы,
Күн нұрынмен құлпырар.
Көрсе кенет әркім-дағы
Гүлді алуға ұмтылар.
Бірақ қызыл гүлдер көп қой,
Қайсы бірін аларсың?!
Көрінгенін үзіп кетпей,
Таңдап бірін табарсың.
Гүл жақсысын кім білмекші,
Иіскеп көрші иісін.
Үзбей тұрып иіскетсеңші,
Сен де гүлдің бірісің.
Хош иісіңмен құмар қылсан,
Құмардан бір қанатын.
Қызыл гүлім шын ұнасаң,
Сонда үзіп алатын.
Август, 1937. Шұбартау
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі