Әлде
Бұл бетте «Әлде» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әлде, менің махаббатым харам ба?
Әлде, көңілім сен дегенде сараң ба?
Әлде, менің адамшылық арым кем,
Дос болуға сірә сіздей адамға?
Әлде, сенен басқа жарды сүйдім бе?
Сенен ұрлап жүректе сыр түйдім бе?
Әлде, мүмкін, дұшпан сөзін құп көріп,
Сабырсыз боп жоқ нәрсеге күйдің бе?
Әлде, мүмкін, тұтылды ма алтын күн,
Ай күңгірт боп басты ма кеп қара түн?
Әлде, мүмкін, шалқып жатқан дариға
Күйе түсіп, қаптады ма көк түтін.
1935. Орал
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі