Жауынгер жыры
Бұл бетте «Жауынгер жыры» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алқара көк астымда,
Белде болат қанжарым.
Күзеттемін мен мұнда,
Қайда менің жан жарым?
Ай сәулесі ойнайды.
Қанжарым да дірілдеп.
Жарым нелер ойлайды,
Отыр ма екен күлімдеп?
Отыр ма еке жан жарым,
Жатыр ма екен жан жарым?
Толған айдай дидарын
Көрмегелі жыл жарым.
Жарқылдаса қанжарым,
Жар жүзіндей қараймын.
Астымдағы ат жалын
Саусағымен тараймын.
Алқара көк ойнақта,
Жарқылдай бер, қанжарым.
Алаңдатпай, ойлатпа,
Күзеттемін жан жарым.
1940
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі