Мен сүйем аспандағы алтын күнді
Бұл бетте «Мен сүйем аспандағы алтын күнді» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен сүйем аспандағы алтын күнді,
Мен сүйем ауаменен ширатылып,
Құлаққа жылы тиген мұңлы үнді.
Мен сүйем сылдыраған салқын суды,
Судағы салқындаған үйрек, қуды.
Мен сүйем күн шығарда көтерілген
Көгілдір көк жібектей – көкшіл буды.
Мен сүйем ерікті- еркін таудың құсын,
Сайрасатын төрт бөліп түн ұйқысын.
Мен сүйемес дүниеде еш нәрсе жоқ.
Сүйемін табиғаттың барлық күшін.
Дүниеде сүймейін мен нені ғана
Бәрі қызық өзіме, бәрі жаңа.
Сонда‑дағы осының бәрінен де
Артық сүйем дүниеде сені ғана.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі