Үй ішінің әзілі
Бұл бетте «Үй ішінің әзілі» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тозыпты сенің көйлегің,
Тозбайтын өлен жазайын.
Болмаса сенің көмегің,
Шығар ма, құрғыр, күн сайын.
Құрысып жатқан көңілімді
Үтіктеп берші азырақ.
Күні бойы шимайлап,
Қалыппын шаршап, қалжырап.
Ашуыма ащы етіп
Жібере көрме бұрыш сап.
Жаныма сусын пейілің,
Әкелші бері дұрыстап.
Уақытым тапшы, қысқартпа,
Қайшылап қиып жүрме сен.
Тұтанбай жатқан жырымды,
Қайтеді келіп үрлесең?
Бұрқ-сарқ етіп қайнаған
Қарамашы шәйнекке.
Ал, ойнайын домбыра,
Қосыла қой «ай, гөкке».
1946
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі