Ақсәуле

Бұл бетте «Ақсәуле» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бір күй бар домбырада тартылмаған,
Бір сыр бар көңілімде айтылмаған.
Сен үшін келдім сақтап, сүйген сәуле!
Көзіңнен айналайын жалтылдаған.
Ақсәуле, аспанда аймен таласасың,
Төгіліп иығыңа қара шашың.
Жалт беріп құралай көз қарағанда,
Жанымның жайлауындай жарасасың.
Ақсәуле, арнадым мен арманымды,
Бұлбұлдай аялаған таңда гүлді.
Көркіне еңбегі сай келіп тұрған,
Арман не көргеніңде жан жарыңды!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері