Ах, Самара, городок!

Бұл бетте «Ах, Самара, городок!» атты Қасым Аманжолов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Орамалым батар-батпас,
Қалқып қана ағады.
Сүйген жарым сүйер-сүймес,
Уақыт өтіп барады.
Қайырмасы:
Ах, Самара, жас қала,
Барамын сөнгенлі.
Барамын сөнгелі,
Жұбатшы сен мені.
Өстім еркін, гүлдедім мен
Он жетіге келгенше.
Он жетіде махаббат
Қыз сорлыны жеңгенше.
Қайырмасы:
Сорлы ақ қайың саған орын
Тимепті өзен жарынан.
Жарым десең жаралама.
Қайырмасы:
Ұмытайын сүйген жарды
Десем – дағы сан рет.
Махаббаттан талай қасірет.
Қайырмасы:
«Қош» десе жар, жүрек шіркін
Лап етер бір жалын ғой.
Қайырады, қалжырайды,
Баяғы ол бір, баяғы ой.
Қайырмасы:

1949


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері