Жел қияққа сыбырлап

Бұл бетте «Жел қияққа сыбырлап» атты Тарас Шевченко жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жел қияққа сыбырлап,
Сырласады тоғаймен,
Жалғыз қайық қалтылдап,
Келеді ағып Дунаймен.
Су лық толған қайықты
Тоқтатпайды еш пенде;
Кім тоқтатсын, балықшы
Бұл дүниеде көшкенде.
Телегей теңіз, көк жойқын
Қайық ағып барғаны,
Ойнап еді көк толқын
Жаңқасы да қалмады.
Сол жел қайық сықылды
Жетім кетер жат елге,
Онда да азап күтулі,
Дайын қауіп-қатер де.
Ойнар онда адамдар
Теңіздегі толқындай.
Сорлы жетім төксе зар
Маңдайынан сипар жай.
Іздеп көрші соңынан
Қайда екен деп сол жетім?
Көрмегендей оны жан,
Пенде шықпас білетін.

Аударған Қасым Аманжолов


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері