Жалғызбын мен, жалғызбын
Бұл бетте «Жалғызбын мен, жалғызбын» атты Тарас Шевченко жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жалғызбын мен, жалғызбын
Сортаңдағы сояудай,
Не бақытты, не сыйды
Бермеді маған бір құдай;
Сұлулықтың жұрнағы
Тек қарақат көз берді.
Жалғыз қыз боп жылаумен
Жанары оның тез сөнді.
Аға, апа, не сіңлі
Дегендерді білмедім,
Жат ортада бойжеттім.
Ешбір жанды сүймедім.
Қайда менің жан жарым?
Қайдасың дос-жарандар?
Олар жоқ...мен жалғызбын,
Болмас менде сүйген жар.
Аударған Қасым Аманжолов
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі