Аққу жібек

Бұл бетте «Аққу жібек» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

1. Аққу деп қойылыпты өмірге атың,
Інжуге балайды ғой не бір затын.
Аруы – махаббаттың Аққу жібек,
Өмірдің аялайтын перизатын.

Қайырмасы:
Аққу жібек – жібегім,
Бір өзіңде тілегім,
Тәңірдің періштесі сен бе едің?
Аққу жібек – жібегім,
Бір өзіңде тілегім,
Бір өзіңде жүрегім,
Аққу жібек!

2. Көзіме таңдай жарық көрінгенсің,
Сен менің түсімде емес, өңімдесің.
Аруы – махаббаттың Аққу жібек,
Сен менің жүрегімнің төріндесің!

Қайырмасы.

3. Тірлікте шуақ шашар күнге ұсайық,
Қызғалдақ гүл аралап, гүл құшайық,
Аруы – махаббаттың Аққу жібек,
Өмірде самғап көкке бірге ұшайық!

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері