Жүрек жаңғырығы

Бұл бетте «Жүрек жаңғырығы» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

1. Айтсын таулар,
Айтсын жүрек жаңғырып,
Талай алдан,
Жұлдыздардай жанды үміт.
Бұл өмірде,
Қастерлеумен өтермін,
Ғашық болу,
Құдіретін мәңгілік,
мәңгілік.
2. Ғашықтарын,
Сағынады ұлы өмір,
Тірлік сенің,
Махаббатта тірегің.
Тәңірге де
Табынбайтын ешқашан,
Махаббатқа
Табынады жүрегім,
жүрегім.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері