Жүрек сыры
Бұл бетте «Жүрек сыры» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
1. Ғұмыр – ғажап көркем, қимасың барда,
Өмір сұлу еркем, арманды жанға.
Өтер ғұмыр-уақыт, сезілмей күнде,
Өмір сүру бақыт өзіңмен бірге.
Қайырмасы:
Ей!
Махаббат сенсің, махаббат,
Сыршыл да, сымбат:
Алуан әсем даламның –
Гүліндей қымбат,
Құпия шексіз ғаламның –
Жолындай жұмбақ.
2. Ғұмыр-ғажап көркем, қимасың барда,
Өмір сұлу еркем, арманды жанға.
Өтпес өмір бекер – жанады шырақ,
Өтер ғұмыр, өтер – ағады бұлақ.
Қайырмасы.
Ғұмыр-ғажап, көркем, қимасың барда,
Өмір сұлу еркем, арманды жанға.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі