Іңкәр жүрек

Бұл бетте «Іңкәр жүрек» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

1. Өмірлік мен сені сүйген екем,
Жүрегім бір сен деп түйген екен.
Жастық шақ шөлінде мөлдіреген,
Басымды бұлаққа иген екем.

Қайырмасы:
Махаббатым – тірегім,
ан сарайым – жүрегім,
Аңсағаным – тілегім,
Арманым сен!

2. Бір сырды жүрегім білген екен,
Өмірге аттандық бірге бекем.
Жастық шақ бағында сені көрдім,
Көз салмай ғажайып гүлге бөтен.

Қайырмасы.

3. Өмірлік бір саған іңкәр екем,
Махаббат бір жүйрік тұлпар екен.
Көгінде қалықтап ұшып жүрер,
Ғашықтық ғажайып сұңқар екен.

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері