Қарағым-ай

Бұл бетте «Қарағым-ай» атты Шөмішбай Сариев жазған махаббат туралы өлең берілген.

1. Қарағым-ай,
Сұлулық осындай болады екен,
Бір басқа армансыз қонады екен.
Адамдар өмірге қонақ екен,
Шынымен-ай, бұл дүние-ай шолақ екен.

2. Қарағым-ай,
Еліктер осылай жосады екен,
Жолыңнан сені кім тосады екен.
Бұл көңіл неліктен босады екен,
Бұл тағдыр, сені кімге-ай қосады екен.

Қайырмасы:
Қарағым-ай,
Қиылып, үзіліп қарадың-ай.
Қараған, қандай сұлу жанарың-ай.

3. Қарағым-ай,
Бұл дүние осылай өтеді екен,
Сүймесең, бұл дүние бекер екен.
Парақтап, жинасаң бар ғұмырың,
Бір сүйген күніңе-ай жетер ме екен?!

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері