Өкінбе сен
Бұл бетте «Өкінбе сен» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
1. Гүлсіз болмас дүние, күнсіз болмас,
Күнсіз болмас дүние, түнсіз болмас.
Ғашықтық қуаныш боп сезілгенмен,
Махаббат ешқашан да мұңсыз болмас.
Қайырмасы:
Тірліктің талай гүлі солғанменен,
Тағдырдың талай мұңы болғанменен,
Өмірге келгеніңе өкінбе сен,
Өкінбе сен, өкінбе сен.
2. Бар қызығын өмірдің, ала алмассың,
Қуаныш боп мәңгілік, жаралмассың,
Жарқырап айлы түнде жұлдыздардай,
Бәлкім, сен бақыт болып жана алмассың.
Қайырмасы.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі