Ойлайсың ба, жаным

Бұл бетте «Ойлайсың ба, жаным» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

1. Не десем екен, не десем,
Айға да лайық теңесем.
Өңім бе, әлде түсім бе,
Қайырылмай кеттің неге сен?

Қайырмасы:
Ойлайсың ба, жаным, ойлайсың ба?
Балалық сезімге бойлайсың ба?
Өмір саған, жаным, сыр айтты ма?
Қуантты ма, тағдыр, мұңайтты ма?

2. Көктемде құстар қонғанда,
Оралып сырлы орманға.
Аңсаған жүрек іздей ме?
Сағына қарап жолдарға.

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері