Махаббат

Бұл бетте «Махаббат» атты Шөмішбай Сариев жазған махаббат туралы өлең берілген.

1. Махаббат қуат күшім, тірегім де,
Ғашықтық қан ойнайды жүрегімде.
Сүюден жаратылған біз жандармыз,
Сүймесек неге келдік бұл өмірге?!

Қайырмасы:
Көңілі адамдардың көл болғасын,
Махаббат бір басылмас шөл болғасын,
Сүйемін, сүйіп өтем бұл жалғаннан,
Бұл жалғанның ішінде сен болғасын,
Бұл жалғанның ішінде сен болғасын!

2. Тірлікте адам кешпес мұң қалған ба,
Ай жүзін бір көре алмай күн де арманда.
Сүюден жаратылған біз жандармыз,
Сүймесек неге келдік бұл жалғанға?!

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері