Сенім

Бұл бетте «Сенім» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

1. Жұмбақ сыр болсын мейлі жатқан алда,
Сенім керек соларға аттанарда.
Сенімсіз – болашағың баянды емес,
Сенімсіз – армандарың ақталар ма?
Ей!

Қайырмасы:
Сапарда – серігің болсын,
Махаббат – көрігің болсын.
Балауса сезімдей, балапан көзіңдей,
Өмірге мөлдір сенімің болсын.
Ей!

2. Жұмбақ сыр жанарында жасырынған,
Сенім ізде алдымен ғашығыңнан.
Сенімсіз – махаббатың баянды емес,
Сенімсіз – айырыларсың асылыңнан.

Қайырмасы.

3. Түбі бір қолаң шашты қос бұрымдай,
Сенім керек тел өскен қос құлынға.
Сенімсіз – бар өмірің баянды емес,
Сенімсіз – баянды емес достығың да.

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері