Еркеледің сен

Бұл бетте «Еркеледің сен» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

1. Бақытым бұлағымдай,
Балауса құрағымдай,
Еркеледің, сен.
Сезімнің ағынымен,
Көзіңнің жалынымен,
Өртеп едің, сен!

Қайырмасы:
Сол бір сезім кетті қайда?
Сол бір көзің қайда?
Сол бір көктем оралмай ма?
Бақыт қайта қона алмай ма?

2. Шуақты арманымдай,
Шұғыла таңдарымдай,
Еркеледің сен.
Жанымның шаттығымен,
Арыңның пәктігімен,
Өртеп едің, сен!

Қайырмасы.

3. Нұр шашқан күнім болып,
Сырласқан түнім болып,
Еркеледің сен.
Жанымның жаздарындай,
Сағыныш саздарындай,
Өртеп едің, сен!

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері