Қайда жүрдің

Бұл бетте «Қайда жүрдің» атты Жарасқан Әбдіраш жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қайда жүрдің,
Қадіріңді арттырайын дедің бе?
Қайда жүрдің,
Азабыңды тарттырайын дедің де,
Өзегімді өрт қылайын дедің бе?
Қайда жүрдің,
Балалығым жоғалмасын дедің бе?
Қайда жүрдің,
Серілікпен арандасын дедің де?
Ақ үмітпен алаңдасын дедің бе?
Қайырмасы:
Мүмкін еді-ау,
Басқа жанға жасып көніп қалуың!
Мүмкін еді-ау,
Басқа жанға ғашық болып қалуың!
Қайда жүрдің, қалай жүрдің торықпай?!
Қайда жүрдің, қалай жүрдің жолықпай?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері