Сағынсам ауылымды

Бұл бетте «Сағынсам ауылымды» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

1. Сағынсам ауылымды,
Ойменен кезіп кетем,
Қырат-қыр жоталарын.
Елестер көз алдыма, елестер көз алдыма
Бірге өскен, боталарым.

Қайырмасы:
Көп үміт қара көзде,
Арманшыл айнасыңдар.
Бірге өскен бала кезден,
Боталар қайдасыңдар?!

2. Сағынсам ауылымды,
Қиялдап кезіп кетем,
Тербетіп сезім ағын.
Елестер көз алдыма, елестер көз алдыма,
Бірге өскен қозыларым.

Қайырмасы:
Көп үміт қара көзде,
Арманшыл айнасыңдар.
Бірге өскен бала кезден,
Қозылар қайдасыңдар?!

3. Сағынсам ауылымды,
Астында кезіп жүрем,
Сәулелі ай-нұрының.
Елестер көз алдыма, елестер көз алдыма
Бірге өскен тай-құлыным.

Қайырмасы:

Көп үміт қара көзде,
Арманшыл айнасыңдар.
Бірге өскен бала кезден,
Құлындар, қайдасыңдар?!
Боталар қайдасыңдар?!
Қозылар қайдасыңдар?!
Құлындар қайдасыңдар?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері