Ойлан, балам
Бұл бетте «Ойлан, балам» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
1. Ойлан, балам,
өмір деген өтпелі,
Бұл дүниеге кімдер келіп,
кетпеді.
Қайта оралмас,
бұл өмірдің жаздары,
Қайта оралмас,
гүл өмірдің көктемі,
Ойлан, балам,
Тәтті өмірге талайлар тоя алмаған
Ойлан, балам!
2. Ойлан, балам,
Алда үміт, арманың,
Алда сенің,
Нұрлы күнің,
Таңдарың,
Қайта оралмас,
Жас шағымның көзіндей
Қайта оралмас,
Ғұмырымды жалғадың.
Ойлан, балам,
Тәтті өмірге талайлар тоя алмаған
Ойлан, балам!
3. Ойлан, балам,
Елің-жерің,
Салтың бар,
Мұратына жетер Адам,
Талпынған,
Таудай биік
Азаматы болсаң да,
Биікпін деп
Айтпа, балам, халқыңнан! –
Ойлан, балам,
Тәтті өмірге талайлар тоя алмаған
Ойлан, балам!
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі