Анаға хат

Бұл бетте «Анаға хат» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

1. Өзіне тең келе ме дала таңы,
Сипаған маңдайымнан алақаны.
Өмірдің мезгіліндей күз шағыңда,
Ұядан самғап ұшты балапаның.

Қайырмасы:
Анашым, сағынышың алаулаған,
Шақтарда хаттар бізден баяулаған.
Бәрін де ұл-қызыңның, жинап алып,
Түс көріп жүр ме екенсің, аяулы анам.

2. Тең келер табиғатта күн өзіңмен,
Бар шуақ төгілгендей бір өзіңнен.
Өмірде қуат алып келем әлі,
Мейірімді қарапайым мінезіңнен.

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері