Асыл ана
Бұл бетте «Асыл ана» атты Шөмішбай Сариев жазған ана туралы өлең берілген.
1. Саған деген сағынышым жетер ме?
Жеткізе алмай мен өмірден өтем бе?
Жан анашым, жаутаңдадың баладай,
Қош айтысып, мен ауылдан кетерде.
Қайырмасы:
Есен-аман жүрмісің, асыл ана,
Уақыт өрнек салған ба шашыңа да?
Қуандың ба,
Сағынып атқан таңға,
Мұңайдың ба,
Қамығып батқан күнге,
Асыл ана?!
2. Саған деген сезімдерім жетер ме?
Жеткізе алмай мен өмірден өтем бе?
Өмір болып басталады өзіңнен,
Туған жерім – ата-қоныс мекен де.
Қайырмасы.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі