Бәйшешек
Бұл бетте «Бәйшешек» атты Оразақын Асқар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ыдырайды мұз бен қар,
Сең шыққан соң сыналап.
Ала бұлттан жұлдыздар
Аз өмірдің өзінде
Қарағандай сығалап.
Ақ жалын боп лауладың.
Соғылған дер кезінде,
Күміс қоңырауларым.
Елемедің ызғарды,
Күнге күле қарадың.
Қызықтырып қыздарды,
Гүлге негіз қаладың.
Деп тұрсың ба «қыс тамам»,
Иіскейін, келші бір.
Ақ жалауша ұстаған,
Айналайын елші гүл.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі