Шекара түні

Бұл бетте «Шекара түні» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2767
Тас қияда жел бөгеліп,
Тұнған қалың жыныс бақша.
Барады жай дөңгеленіп,
Ай бір сомдық күміс ақша.
Пяндж өзені өкіреді,
Мың жолбарыс жұлқысқандай.
Айрылып мұз көкірегі
Көбігінен бұлт ұшқандай.
Тұр шекара қадалары,
Биік қарап нар қамыстан.
Пянджының ой жағалауы,
Жалғыз үйлі Ауғанстан.
Екі бөліп тау адырын,
Әркімге өз атын беріп.
Екі дүние аралығын,
Жалғыз өзен жатыр бөліп.
Тұр жайқалып тұт ағашы,
Тұр шекара ақ шынары.
Мұнда тау, тас, бұта басы —
Мемлекет сақшылары.
Шығуға жер бетіне,
Тентек бұлақ талпынды.
Жібермеді еркіне,
Басып үстен тау тұрды.
Дүбірледі ол шауып,
Ат қып мініп тасқынды.
Шықпасын деп жол тауып,
Басып үстен тас тұрды.
Ашуланды тастарға,
Асқар тауға ақырды.
Жер астынан аспанға
Найзағай боп атылды.
Келмеді әлі бұл жолы,
Көрді тау, тас жабылып,
Қуанды аспан бір оғы
Баяғы атқан табылып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шекара түні өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Шекара түні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шекара түні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шекара түні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері