Қызанақ
Бұл бетте «Қызанақ» атты Адырбек Сопыбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бір етек қып қызанақ
Алып келе жатырмын.
Қызыға кеп қарайды ол
Есігінен шатырдың.
Бар қызанақ мен үзген
Қып-қызыл боп пісіпті.
Ойым: «Оған жегізбен»,
Ол құмарта түсіпті.
Өте бердім тұсынан,
– Ойнайық! – деп өтінді.
Ұзайын деп осыдан,
Бұрғаным жоқ бетімді.
Өтуге де таядым,
«Естіместен» құлағым.
Шалынып қап аяғым,
Етпетімнен құладым.
«Қап!» деп жаттым ішімнен,
Қалай тұрып ұзармын.
Қарап тұрған көршімнен,
Қызанақтай қызардым.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі