Неліктен
Бұл бетте «Неліктен» атты Оспанхан Әубәкіров жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен Серіктен
Мынаны сұрадым:
– Шырағым, неліктен
Біз жұмыс істейміз?
– Жұмыс істемесек –
Тамақ ішпейміз,
Бармағымызды тістейміз.
– Біздің атайды көріп пе едің?
– Көрдім.
– Сол атай жұмыс істемейді.
Сеніңше неліктен?
– Ол кісі трактор айдады,
Үсті-басын майлады.
Сосын, меніңше,
Демалуды ойлады.
– Ал тамаққа қайдан табады?
– Зейнетақы алады.
– Не үшін алады?
– Өйткені еңбек – ырыс,
– Дұрыс, Серік, дұрыс.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі