Жүрегі қазағымның бүлкілдеген,
Өнерлі екендігін кім білмеген?
Қарасаң қара шанақ домбырасы,
Халықтың кеудесіндей күмбірлеген.
Кезін көр домбыраның күйін төккен,
Тыңдайды ұшқан құс та ұйып көктен.
Күй шерткен домбыраның шанағына,
Қазақтың кең даласы сыйып кеткен.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі