Шахметке – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Шахметке» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2235
Келіншек пен қыздардан,
Келсе де кейде жасырғың.
Көрініп қалар күз шалған
Қырауы самай шашыңның.
Қасқалықтан сақтасын,
Қайырым қып бір алла.
Алпыс келе жатқан соң,
Шүкірлік қой қырауға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері