Үлкенге ғайыр кішік ең
Бұл бетте «Үлкенге ғайыр кішік ең» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Үлкенге ғайыр кішік ең,
Кішіге құрақ ұшып ең –
Ұғымың үйлесе алмады
Құдайдың құдірет күшімен –
Сен өлмей,
Кім өлсін,
Мұнар?!
Сырдың жалбызы едің,
Жырдың жалғызы едің –
Қоғамның тозғынына кез болдың,
Адамның азғынына кез болдың –
Сен өлмей,
Кім өлсін,
Мұнар?!
Маңдайың жазық еді,
Жүрегің нәзік еді –
Жақсыны көре-білгенге
Жан байлығың азық еді –
Сен өлмей,
Кім өлсін,
Мұнар?!
Адалдан тудың,
Мұнар!
Ақ жолын қудың,
Мұнар!
Көл болған көз жасыма
Қанды көйлегіңді жудым,
Мұнар!..
Қайтейін...
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі