Қырғында
Бұл бетте «Қырғында» атты Виктор Гюго жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шеңберіңнен шыпылдап,
Қанға батты бір дала.
Қолға түсті неше ерлер,
Басы-көзі қан, жара.
Сол қиналған ерлермен,
Бірге ұсталды бір бала.
«Сөйле, бала, сен кімсің,
Мыналармен бір ме едің?»
«Бұлар менің жолдасым
Осылармен бірге едім».
«Атыласың ендеше,
Бәріңе өлім бірге өлім».
Қатарлап жарға тұрғызды
Ататұғын адамын.
Солдаттар қатар тізілді.
Мылтықтар ашты аранын.
Өкірді күрс-күрс құлады,
Жолдастары баланың.
Бала келді бастыққа:
«Капитан айтам сізге дат.
Келейін барып үйіме,
Етіңізші рұқсат .
Қоштасайын анаммен.
Тез қайтайын… атсаң ат»,
«Жоқ, қу бала, алдайсың,
Жібермеймін, бармайсың!»
«Жоқ, капитан, келемін,
Өтінем неге нанбайсың?»
«Үйің қайда?»
«Әне, анау…»
«Бар, тез келмей қалмайсың!»
«Балаға нанған қашаған,
Капитан аңқау, бошалаң», —
Деп, ду күлді солдаттар,
Атуға оны, жасанған.
Ол күлкіге үн қосты
Өлім, қанға шашалған.
Жалт қарасты отряд,
Күлкі тынды тым-тырыс,
Қайтты бала асығып,
Қалған осы-ақ, атусыз,
Оқ аузына тұрды да,
Деді:
«Ал келдім, атыңыз!»
Аударған: Ілияс Жансүгіров
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі