Бересіңді – бердің
Бұл бетте «Бересіңді – бердің» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бересіңді – бердің,
Аласыңды – алдың.
Құл екенімді көрдің,
Құдай қалпыңда қалдың.
Құдірет-Күшің хақтанып,
Басыма қайғы салды:
Қарынымды ақтарып,
Жүрегімді жарды...
Неге маған келгенде
Төреліксіз төтенсің?!
Күйдемін құр шерменде –
Енді, не етер екенсің!..
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі