Фәни жалған сорлысы
Бұл бетте «Фәни жалған сорлысы» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Фәни жалған сорлысы –
Жапа шеккен жалқымын.
Табиғаты-болмысы –
Тайтұяқ саф алтыным.
Жоқ күйіңнен шошынып,
Уланамын буыңа –
Зар-дауысым қосылып
Дүниенің шуына.
Сөз жезіне жұбанбай,
Бездей суый бастадым,
Қарашұбар жыландай
Бауырыма басқаным.
Құт бергенім қойныма,
Өтелмесе төлемің –
Жалғыздықтың мойнына
Оратылып өлемін!..
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі