Алып-ұшқан жүрегі
Бұл бетте «Алып-ұшқан жүрегі» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Алып-ұшқан жүрегі
Андатқандай талайын.
Болайын деп тұр еді» –
Деді ілкі ағайын.
Күлден хайыр күтпесін
Отқа түскен көбелек –
Артың жаман біткесін,
Жақсы болып не керек?!
«Сай қылғандай күтімі
Ажары мен ақылын –
Бөлек еді бітімі»–
Деді алыс-жақыным.
Хош! Хош делік! Хош делік!
Құр хоштықтан не шара?!
Кейпім –
Қорқұстөстеніп
Қайғы жұтқан бейшара!
«Ұқсайды жас кезіңе
Ерке бұлан пішіні...» –
«Тура тартқан өзіңе
Көзінің де қысығы...»–
...Деді бәрі...
Алайда,
Тарқамады құмарым.
Сөз септікке жарай ма,
Сағындым ғой, Мұнарым?!
...Бұзылды сан бекініс,
Еске түсті кез неше:
Өмір бойғы Өкініш –
Өлер Бала – Өзгеше...
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі