Қанжылап

Бұл бетте «Қанжылап» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қанжылап,
Тек іштей тынамын:
Қаз тұрдың...
Тәй бастың...
Құладың!
Қабіріңнің басындағы Құлпытас –
Көлеңкесі күн жапқан күнәмін!
Түсініктен тысқары еркіңмін –
Өмірге ықтиярсыз келтірдім.
Өмірге келмесең –
Өлмес ең,
Яки,
Сені – мен өлтірдім!
...Түгіне түсінбей Дүние-Құбылдың
Мүшелден астың да жығылдың:
Көзін шел басқан түпсіз Шыңыраудан –
Шарасыз шаң тартқан Шығырмын!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері