Ойлап

Бұл бетте «Ойлап» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ойлап,
Жоқтап,
Ойбайлап,
Ауатындай жиі есім –
Бозөкпе боп борбайлап
Бос қиялдың биесін –
Құр елесті қуамын,
Тұзым – сор да,
Еңбек – еш...
Жанымның Күн-Шуағын:
Мен де кештім,
Сен де кеш?..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері