Иттердің сөзі

Бұл бетте «Иттердің сөзі» атты Шандор Петефи жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қалың қара бұлт қаптаған
Қара қоңыр аспан.
Қар да жаңбыр, жаңбыр да қар
Қаһарын қыс шашқан.

Мейлі бізне не қылмақшы,
Орнымыз тошала.
Қожайын бай қумайды онан
Орнымыз босаға.
Қарнымыз тоқ, қайғымыз жоқ,
Ие тоқ, ішед, жейд.
Сүйек-саяқ тастаса да
Бізді аш етпейд.

Рас, кейде жотамызды
Қамшы осады.
Сонда да біз ит жандымыз
Өмір озады.
Ашуы аз басылғанда
Ие, — «қарағым»
Аяғын да аямастан
Жалатад табанын.

Аударған: Ілияс Жансүгіров


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері