Қасқырдың сөзі
Бұл бетте «Қасқырдың сөзі» атты Шандор Петефи жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қалың қара бұлт қаптаған
Қоп-қоңыр аспан.
Қар да жаңбыр, жаңбыр да қар,
Қаһарын қыс шашқан.
Біздің мекен жапан түзде
Өлік сұр дала.
Жалпақ, шетсіз, кең сақара
Не бұта, не пана….
Тыстан суық, іштен аштық,
Жүрміз қаңғырып.
Қаңғыртады осы екі жау
Таңды таңға ұрып.
Және бір жау тағы да бар
Оның аты мылтық.
Қанды қарға ол ағызар
Сұмдық! Сұмдық!
Шұбырамыз, қынжыламыз,
Қысқан қыстан.
Аш арықпыз, бейшарамыз,
Бірақ бас бостан!
Аударған: Ілияс Жансүгіров
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі