Абыз Әбіш

Бұл бетте «Абыз Әбіш» атты QULANAYAN жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жаралғандай алашымның бағы үшін,
Асыл елім ардақтаса арысын.
Ойы орамды қаламгер көп қазақта
Атақ-даңқтан биік қойған намысын.
Тау тұлғалы елім жырға қоспақшы
Нар тұлғалы абыз ұлы Әбішін.

Өрелі ерім, көпті көрген зиялым
Қыранысың өнер дейтін қияның.
Мұхтарым мен Сәкенім бар кешегі
Сұңқардайын тасқа еккен қияғын.
Мен солардың ізі Әбіш деп білемін,
Тарланбоздың тай баспай ма тұяғын.

Еңбекпенен ер парызы өтелген,
Нағыз ақын айтар ойын етер кең.
Дарынды ақын, сабырлы ақын Әбішке
Елбасыда алғыс айтпас бекерден.
О, Маңғыстау қасиетті мекенім
Алашымның абыз ұлын көтерген.

Тәуелсіздік мұратындай әр жанның
Елің үшін алаңдадың ойландың.
Елбасымыз айтып кеткен бір сөз бар:
Батысыңда өсіп өндің қайралдың,
Маңғыстаудың абыз ұлы болғанмен
Бар қазақтың Әбішіне айналдың.

Даналардың сарқыты боп қалған ба ең,
Жарасымды болмайтұғын жалғанмен.
Көңіліміз толады деп ең жастарға,
Ойы биік, пейілдері болған кең
Сол бір жастар өсіп келе жатыр ғой.
Абыз болған аңыз тұлға жолымен

Мынау дала ағам өлең өрген жер,
Жазушыңа орынды елім төрден бер.
Әбішті енді таппаса да әлемнен
Келе жатыр ізіменен ергендер.
Сендер неткен бақытты адам едіңдер
«Ұлтым!» деген ұлы Әбішті көргендер?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер