Адам түрімді жоғалттым
Бұл бетте «Адам түрімді жоғалттым» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Адам түрімді жоғалттым,
Қара, сұрыма?!
Неге нала – оқ аттың
Сүйген құлыңа!
Шыққан шидей қотырмын
Желдің өтіне.
Қарай алмай отырмын
Елдің бетіне.
Өгей қалпы бейтыным
Көңіл хошына –
Оттан ыстық дейтұғын
Өмір осы ма?!
Жер еткеннен шошыдым
Жырдың егесін.
Өмір болса – осының,
Ұрдым енесін!
Жалғыз ұлдан айырдың
Қызғын шағымда.
Шоқ шайнаған шайырмын
Мұз құрсауында.
Көмейіме қорғасын
Құйдың қорытып.
Жалқынға алтын қор басым
Түсін жорытып.
Есін әрең жиғанға
Ненің желігі?!
Иван мінез Иранға –
Иттің өлімі!..
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі