Атаның көңілі балада-ай
Бұл бетте «Атаның көңілі балада-ай» атты Иран-Ғайып жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Атаның көңілі балада-ай,
Баланың көңілі далада-ай» –
Далада қалған баламды
Таба алмай естен танам-ай!
Жасырған жоғын талайдың,
Күн салып қырға қараймын.
Ханзадасынан айрылып
Қаңыраған патшасараймын.
Қайғымның тісі – күректей,
Тал-түсім – қара түнектей...
Алтын тағымның иесі-ау,
Оралсаң етті жүдетпей?!
Қиынға салды құдайым,
Құрт жеді жанның шұрайын,
Ақсирақ қылмақ артының
Хайырын жылап сұрайын!..
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі